«Қалың малым – 1 биткоин»: «Сезім бағы» жобасының қатысушысы өз бағасын жария етті
Танымал тележоба — «Сезім бағы» көрермендер арасында талқыға түскен сәттермен қайта көзге түсіп отыр. Бұл жолы шоу қатысушысы Әсел қалың малына қатысты мәлімдемесімен жұртты таңғалдырды.
Бағдарлама жүргізушісі қойған "қалың малыңыз қанша?" деген сұраққа Әсел қысқа да нұсқа жауап берді:
«Түсінгендер түсінді. Қалың малым — 1 биткоин. Ұялмаймын. Маған сұрақ қойылды, мен шынайы жауап бердім. Қабылдаңыздар», — деді ол.
Бүгінгі нарықтағы есеп бойынша 1 биткоин — шамамен 48 миллион теңге тұрады. Осылайша, Әсел өзіне жоғары баға бергенін жасырмады.
Желі қолданушылары бұл пікірге бей-жай қараған жоқ. Бірі қолдап жатса, енді бірі мысқылмен жауап қайырды:
«48 миллионға отбасымен қосып берсе де алмаушы едім»,
«3 миллион деген қалжың сияқты болып қалды ғой»,
«Мықты қыз, өз құнын біледі»,
«Тегін берсе де қажеті жоқ», — деп жазды пікір қалдырушылар.
Әселдің бұл жауабы ел арасында қызу талқыға түсіп, оның өзіндік бағасын бағалай білуі мен қоғамдағы гендерлік көзқарастар төңірегіндегі пікірталасты өршітті.