Сырымбек Тау Абай еліне мейрамхана мен Visit орталық салып беруге уәде берді
Семейде өткен форумда белгілі кәсіпкер Сырымбек Тау жерлестеріне сүйінші жаңалық жеткізді. Іскер азамат Абай Құнанбайұлының туған өлкесіне заманауи инфрақұрылым сыйлауға ниетті, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Taulik.kz сайтына сілтеме жасап
Форум барысында ол Жидебай өңіріне Visit-орталық пен «Тары» атты ұлттық тағамдарға негізделген мейрамхана салып беруге уәде етті. Жобаның басты мақсаты – Абай еліне туристердің келуін арттыру және өңірдің тарихи, мәдени әлеуетін дамыту.
Сонымен қатар кәсіпкер ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай еліміздің жетекші ғалымдарының қатысуымен ауқымды тарихи кітап әзірленіп жатқанын да жеткізді.
«Абайдың елі – қазақтың рухани тірегі. Бұл жерге келген әрбір қонақ Абай мұрасын ғана емес, осы өңірдің шынайы болмысын сезінуі тиіс. Біз соған жағдай жасауымыз керек», – деді Сырымбек Тау.