Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа баспанамен жаңа өмір бастағанын жариялады
Сурет: instagram

Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа баспанамен жаңа өмір бастағанын жариялады

Белгілі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жеке өміріндегі жағымды жаңалығымен бөлісті. Ол өзінің жаңа үйге көшіп, өмірінде жаңа парақ ашылғанын айтып, бұл сәттің видеосын әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

«Жаңа адаммен, жаңа үйде, жаңа өмір» деген жазумен бөліскен видео көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

Актриса бір жыл бойы күрделі кезеңнен өткенін мойындап, сол шақтарда үнсіз күресіп, ішкі сабыр мен төзімнің арқасында қайта тұрғанын айтты. Ол осы қиын сәттерде қолдау білдірген оқырмандарына алғыс білдірді.

– Бір жыл бойы жанымды ауыртқан оқиғаларға, сатқындық пен сынақтарға төтеп беріп, ешкімге жалынып, мұңымды шағып, шуламадым. Тыныш қирап, бірақ іштей қайта жинала білдім. Сабырлық таныттым. Осы сәттердің бәріне сіздер – менің шынайы әрі жанашыр оқырмандарым – куә болдыңыздар. Мен үшін тілекші болған жандарға шексіз алғыс. Дұғаларыңыз бен ізгі ниеттеріңіз еселеп өздеріңізге қайтсын, – деді ол.

Жұлдыз Әбдікәрімова бұл мәлімдемесі арқылы өз өмірінің жаңа кезеңіне аяқ басқанын байқатты.