Желіде мектеп бітіруші түлектің аттестатын қолына алып, марқұм әкесінің басына барған сәті түсірілген видео кең тарап, қызу талқы тудырды, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Көпшілік бұл әрекетті әрқилы қабылдады: біреулер жас түлектің әке рухына деген құрметіне сүйсінсе, енді бірі мұны "хайп үшін жасалған" деп сынға алды.
— "Моланың басына видео түсіру сәнге айналып бара ма?",
— "Әрекеті дұрыс, бірақ сырт келбетіне де мән беру керек еді",
— "Иманды болсын, бірақ мұндай сәттерді жария етпей-ақ қойса қайтеді?" — деп жазды желі қолданушыларының бір тобы.
Сонымен қатар, кейбір пікір иелері қыздың ниетін дұрыс түсінуге шақырып, оны сынаудың орынсыз екенін алға тартты. Олар үшін бұл — рухани сәт, әке алдындағы парызды өтеудің бір көрінісі.
Айта кетейік, соңғы жылдары әлеуметтік желіде туыстарының басына барып, фото-видео түсіретіндердің көбейгені байқалады. Бұл үрдіс қоғамда екіұдай пікір тудырып жүр.