БҰҰ Бас хатшысы АҚШ пен Иран арасындағы қақтығысқа алаңдаушылық білдірді

22 маусым, 2025 / Ақбер Қуаныш
Фото: БҰҰ Бас хатшысы Путинді Украинадан әскерін шығаруға шақырды / АҚШ-тың Женевадағы миссиясы

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш АҚШ-тың Ирандағы ядролық нысандарға жасаған соққыларына қатысты алаңдаушылығын білдірді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Гутерриш америкалық тараптың Ирандағы үш ядролық нысанаға шабуылын «қауіпті шиеленіс» және «халықаралық қауіпсіздікке тікелей қатер» деп атады.

– АҚШ-тың Иранға қарсы күш қолдануынан алаңдап отырмын. Бұл әрекет аймақтағы жағдайды одан сайын ушықтырып, халықаралық бейбітшілікке қауіп төндіреді. Қақтығыс бақылаудан шығып, бейбіт тұрғындар үшін ауыр зардаптар әкелуі мүмкін. Хаостың алдын алып, тек дипломатиялық жолмен шешімге келу қажет, – деді Гутерриш.

Ол сондай-ақ әлем елдерін БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларын қатаң сақтауға шақырды.

БҰҰ Бас хатшысы қазіргі жағдайда әскери жолмен мәселе шешілмейтінін баса айтып, жалғыз жол – бейбіт келіссөз екенін ескертті.

Тэгтер:

АҚШ БҰҰ Израиль Иран Бейбітшілік Антониу Гутерриш