23 маусымда еліміз бойынша ауа райы құбылмалы болады. "Қазгидромет" мамандарының мәліметінше, бірнеше өңірде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей аймақтарда бұршақ жауып, шаңды дауыл тұрады. Сонымен қатар, аптап ыстыққа байланысты төтенше өрт қаупі де сақталады, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Төменде өңірлер бойынша егжей-тегжейлі болжаммен таныса аласыз.
Түркістан облысы
Таулы аудандарда найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл болжануда. Жел бағытын өзгертіп, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Батыс пен шөлді аймақтарда 40°C аптап ыстық тіркеледі. Шымкент пен Түркістанда да төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысы
Батыс өңірде найзағай күтіледі. Түнгі уақытта солтүстікте жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыс орталығы мен солтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Ұлытау облысы
Солтүстік бөлігінде бұршақ пен дауыл болуы ықтимал. Жел күші 15-23 м/с аралығында. Жезқазғанда найзағай болжануда. Өңірдің көптеген бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.
Қарағанды облысы
Батыс пен солтүстікте қатты жаңбыр мен бұршақ жауады. Жел екпіні күндіз 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Қарағандыда найзағай мен бұршақ күтіледі.
Маңғыстау облысы
Батыс пен оңтүстікте найзағай, ал түнгі уақытта тұман болуы ықтимал. Өңірдің бірнеше бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысы
Батыста жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді. Петропавлда күндіз бұршақ болуы мүмкін.
Қызылорда облысы
Солтүстікте найзағай мен дауыл. Облыс аумағында шаңды дауыл соғады. Жел екпіні 15-20 м/с. Өрт қаупі өте жоғары.
Ақтөбе облысы
Солтүстік пен шығыста найзағай. Жел 15-18 м/с дейін күшейеді. Бірнеше ауданда төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде түнде найзағай күтіледі.
Қостанай облысы
Солтүстік, шығыс және оңтүстікте жаңбыр мен бұршақ. Жел бағыты өзгеріп, екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі күшейеді.
Астана қаласы
Таңертең және күндіз қатты жаңбыр, бұршақ пен найзағай. Жел екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысы
Шығысында найзағай, орталықта 36°C аптап ыстық. Жел 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы
Көптеген ауданында найзағай, бұршақ, дауыл. Жел екпіні 23 м/с. Аптап ыстық – 36°C дейін. Өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде.
Абай облысы
Найзағай мен бұршақ. Жел екпіні 28 м/с дейін жетеді. Семейде 35-37°C ыстық күтіледі. Өрт қаупі өте жоғары.
Ақмола облысы
Жаңбыр, бұршақ, найзағай, дауыл болжануда. Жел 25 м/с дейін күшейеді. Көкшетауда да осындай ауа райы күтілуде.
Павлодар облысы
Бұршақ пен найзағай. Жел 23 м/с дейін күшейеді. Өрт қаупі жоғары деңгейде.
Жамбыл облысы
Таулы аудандарда найзағай. Жел 20 м/с дейін күшейеді. Күндіз 40°C қатты ыстық болады.
Алматы облысы
Оңтүстігі мен таулы аймақтарда найзағай, жел 15-20 м/с. Қонаевта 35-37°C ыстық күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы
Найзағай күтіледі. Жел 20 м/с дейін күшейеді. Оралда түнде найзағай болжануда. Өрт қаупі жоғары.
Ескерту: Төтенше ауа райына байланысты азаматтарға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау ұсынылады. Жолда абай болыңыз, ашық далада ұзақ жүрмеңіз және от жағудан аулақ болыңыз.