Қаза тапқандар бар: Астана іргесінде ұшақ апатқа ұшырады

Бүгін, 07:33 / Теңіз Тамшыбаев
Сурет: incrussia.ru

Астанадан небәрі 13 шақырым жерде орналасқан Жоламан аэродромы маңында 22 маусым күні жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адамның өмірі қиылды, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Көлік министрлігінің алдын ала мәліметіне сәйкес, TL-2000 маркалы әуе кемесі оқу-жаттығу ұшуын орындау кезінде апатқа ұшыраған. Жеке тұлғаға тиесілі болған бұл ұшақтың бортында болған екі экипаж мүшесі оқиға орнында мерт болды.

Қазіргі таңда апаттың нақты себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, көліктегі апаттарды тергеу департаментінің мамандары оқиға орнына жіберілді.

Айта кетейік, апат болған Жоламан аэродромы Ақмола облысының Шортанды ауданы аумағында орналасқан.

Тэгтер:

Астана ұшақ апаты Жоламан аэродромы TL-2000