Үндістандық балықшы бір күнде миллионер атанды
Сурет: pixabay

Үндістандық балықшы бір күнде миллионер атанды

Үндістанның Одиша штатында балықшы сирек кездесетін горбыль балықтарын ұстап, әп-сәтте байып шыға келді, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

KalingaTV ақпаратына сүйенсек, Дигха өзенінің атырауында «Nani Gopal» траулерімен ау салып жүрген балықшы күтпеген жерден дақты горбыльдар үйіріне тап болған. Желіге бірден 29 ірі балық түскен. Әрқайсысының салмағы 20 келіден асып кеткен.

Сирек әрі бағалы олжаны бір компания 3,3 миллион рупийге сатып алған. Бұл шамамен 17 миллион теңге. Осылайша, үндістандық балықшы бір күнде миллионер атанды.