Алматы облысында алғаш рет өткен «Алқап күні» аясында ұлттық ғалымдар, фермерлер мен билік өкілдері деградталған ауыл шаруашылығы жерлерін қалпына келтіру, көміртек шығарындыларын төмендету және таза өнім өндіру арқылы табыс табу жолдарын талқылады, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Сарапшылар айтқандай, Қазақстанның 90 миллион гектардан астам жері – оның ішінде 29 млн гектар толық игерілмеген алқаптар – эрозия, тұздану және өнімділікті жоғалтудың кесірінен деградацияға ұшыраған. Бұл топырақта органикалық заттардың мөлшері соңғы 30 жылда 30–35 %-ға азайып, климат өзгерістері жағдайды ушықтырған.
Ғылыммен жетеленген пікірге сүйенсек, ауыл шаруашылығы енді тек азық-түлік өндіру емес — экожүйелерді қалпына келтіретін, карбонды сору мен экспорттық табысқа айналатын жаңа капиталға айналуы тиіс. Оксфорд университетінің зерттеуі бойынша, Қазақстан жылы сайын 0,535 млрд тонна CO₂-ді табиғи түрде сіңіруге қабілетті. Егер бұл процес 2050 жылға қарай карбон офсет нарығымен қолдау тапса, жыл сайын 25 млрд долларға дейін табыс әкелуі мүмкін.
Ұлттық Ғылым академиясы топырақ көміртегін басқару үшін карбонды агротехнологияларды енгізу, мониторинг жүйелерін әзірлеу, угодьтердегі көміртек балансын цифрлық бақылау сияқты кешенді бағдарлама ұсынды. Алматы облысы – пилоттық өңір ретінде жаңа тәсілдерді қолдануда алда келеді: облыста су үнемдейтін ирригация жүйелері (50 мың гектарға дейін) енгізілуде, мобильді мониторинг кешені SIGMA жұмыс істеп тұр.
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, бұл бастама өңірде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, экологияны жақсартуға, таза өнім өндіріп, экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Алматы облысы жеміс-жидек өңдеу саласында алдыңғы орында және республикада EU органикалық өнімдерін экспорттауда көш бастап тұр.