Клубтық әлем чемпионатында күтпеген жағдай орын алды: Мадридтің «Атлетикосы» соңғы турда жеңіске жеткенімен, турнирден шығып қалды, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
B тобының үшінші турында «Атлетико» мен Бразилиялық «Ботафого» АҚШ-тың Пасадена қаласындағы «Роуз Боул» стадионында кездесті. Матчқа мексикалық төреші Сесар Артуро Рамос төрелік етті.
Испандық клуб 87-минутта Антуан Гризманнның голы арқылы 1:0 есебімен жеңіске жетті. Голды Хулиан Альварес паспен қамтамасыз етті. Бір қызығы — матчта бірде-бір сары қағаз көрсетілмеген.
Дегенмен, жинаған 6 ұпайына қарамастан, «Атлетико» өзара ойын нәтижесіне байланысты топта үшінші орын алып, жарыс жолынан ерте шығып қалды. Ал дәл сондай ұпаймен «Ботафого» екінші орынға ие болып, келесі кезеңге өтті.
Ойынның қызықты сәттеріне шолуды осы сілтемеден көре аласыз.