«ПСЖ – Сиэтл» 2:0: Кварацхелия мен Хакими ПСЖ-ны клубтық әлем чемпионатының плей-оффына алып шықты

Бүгін, 02:37 / Теңіз Тамшыбаев
Сурет: championat.com

Клубтық әлем чемпионатының В тобындағы соңғы турда Париждің ПСЖ командасы «Сиэтл Саундерсті» 2:0 есебімен тізе бүктіріп, жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Кездесу Сиэтл қаласындағы «Люмен Филд» стадионында өтті. Ойынға чилилік төреші Кристиан Гарай қазылық етті.

35-минутта Хвича Кварацхелия бұрыштамадан кейін есеп ашып, жеңіс голын соқты. Ал 68-минутта қорғаушы Ашраф Хакими нәтижені еселеп, командасының басымдығын арттыра түсті.

Үш ойын қорытындысы бойынша ПСЖ 6 ұпай жинап, В тобынан 1/8 финалға өтті. Ал «Сиэтл Саундерс» топтық кезеңді ұпайсыз аяқтап, жарыстан тыс қалды.

Матчқа шолу: «ПСЖ» — «Сиэтл Саундерс»

Тэгтер:

ПСЖ Клубтық әлем чемпионаты қайталау обзор матча ПСЖ – Сиэтл 2:0 В тобы гол Кварацхелия гол Хакими