Атырауда ер адам әйелді ұрып-соғып, қайта оралып, сұмдық әрекетке барған
Атырау қаласындағы бір подъезде ер адам әйелге шабуыл жасады, деп хабарлайды Anyqtime.kz
Оқиға бейнебақылау камераларына түсірілген. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, күдікті қолға түсті.
Бейнеден ер адамның әйелге бірнеше рет соққы бергені көрінеді, әйел құлап қалса да, ол тоқтамайды. Қылмыскер оқиға орнынан кетеді, бірақ қайта оралып, тағы соққы берген.
Полиция қызметкерлері күдіктінің полиция бөліміне жеткізілгенін хабарлады.
"Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Соққы беру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде", — деді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жариялауға жатпайтыны атап өтілді.
2025 жылғы 22 маусымда Астанада қайғылы жағдай орын алды. Астананың тұрғын үй кешендерінің бірінде жас әйел өлтірілді. Әлеуметтік желідегі деректерге сәйкес, оның бұрынғы жігіті оған пышақ жарақатын салған. Одан кейін ол қаза тапқан әйелдің ағасына да шабуыл жасаған.