Ыстықта ішуге қауіпті сусындар қандай?
Жаздың ыстығында барлық салқындататын сусындар бірдей пайдалы емес. Себебі кейбір сусындар ағзаның сусыздануына әкелуі мүмкін. Бұл өте қауіпті, әсіресе күн ыстықта, ағза одан бетер сұйықтық жоғалтады, деп хабарлайды Anyqtime.kz
«Жеміс шырындары, смузи мен газдалған сусындар құрамында көп мөлшерде қант болуы мүмкін, ал қант ағзаны сусыздандырады», – деп атап өтеді мамандар.
Олардың айтуынша, тәтті газдалған сусындарды диеталық нұсқаларға немесе одан да жақсысы – жай суға ауыстырған жөн. Ал жеміс шырындарын шектеу ұсынылады. Ең дұрысы – шырынды сумен араластырып ішу немесе (егер ағза сүтті көтере алса) сүт ішкен дұрыс.
Сусыздану күн өтудің қаупін арттырады. Мұндай жағдайға жол бермеу үшін күні бойы су ішуді ұмытпау керек.
Тәтті шырындар мен газдалған сусындардан бөлек, алкогольдік ішімдіктерден де бас тартқан жөн:
«Алкоголь ағзаны сусыздандырады, сондықтан алкогольсіз балама таңдаған немесе әр ішімдік арасына бір стакан су ішкен дұрыс», – дейді мамандар.
Ыстықта су не үшін қажет?
Су ағзадағы сілемейлі қабаттарды ылғал күйде ұстап тұрады, көру қабілетінің нашарлауына жол бермейді. Сонымен қатар, су қан арқылы оттегінің дұрыс тасымалдануына көмектесіп, ішкі органдардың жұмысын жақсартады. «АиФ» басылымының мәліметіне сәйкес, су шеміршектер үшін де пайдалы. Ол ми үшін де қажет – ойлау мен реакцияның дұрыс жұмыс істеуіне ықпал етеді. Ас қорыту жүйесіне де көмегі зор – су ішек жұмысын жеңілдетеді.
Егер тек тәтті сусындар ішсе не болады?
Ондай жағдайда тіс жегісінің (кариес) пайда болу қаупі артады. Сонымен қатар, сусыздану қаупі де жоғарылайды, себебі газдалған сусындардың құрамында көбіне кофеин болады – ол зәр шығаруды жиілетеді. Ал сусыздану жұмыс қабілетін төмендетеді. Оның үстіне, қантты сусындар артық салмаққа да алып келеді.