Қазақстандағы ерлер мен әйелдердің орташа жасы аталды
Фото: Газета "Южный Казахстан"

Қазақстандағы ерлер мен әйелдердің орташа жасы аталды

2025 жылғы 24 маусымда Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтардың орташа жасы туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Anyqtime.kz

2024 жылдың басындағы статистикалық деректерге сәйкес, Қазақстан халқының орташа жасы – 32,3 жас. Соңғы бес жылда бұл көрсеткіш 31,9 жастан өсіп отыр.

«Ерлердің орташа жасы – 30,7 жас, әйелдердің орташа жасы – 33,9 жас», – деп мәлімдеді Ұлттық статистика бюросы.

Өңірлер бөлінісінде ең төменгі орташа жас келесі аймақтарда тіркелген:

  • Түркістан облысы – 27,7 жас
  • Маңғыстау облысы – 27,8 жас
  • Шымкент қаласы – 27,8 жас

Ал ең жоғары орташа жас мына өңірлерде байқалды:

  • Солтүстік Қазақстан облысы – 39,2 жас
  • Шығыс Қазақстан облысы – 38,9 жас
  • Қостанай облысы – 38 жас

«Қалалық тұрғындардың орташа жасы ауыл тұрғындарымен салыстырғанда жоғары – тиісінше 32,7 және 31,7 жас», – деп қосты бюро.

Айта кетейік, 2025 жылғы 2 маусымда Қазақстан халқының санына қатысты жаңартылған ресми деректер де жарияланған болатын.