Зеленский: «Соғыс біткенше президент болып қаламын»
Украина президенті Владимир Зеленский елде соғыс жағдайы жалғасып жатқан шақта өз қызметінен кетпейтінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Sky News арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Skifnews.kz-ке сілтеме беріп
Мемлекет басшысы қазіргі күрделі кезеңде халықты жалғыз қалдыруға моральдық құқығы жоқ екенін атап өтті.
«Мен бұл лауазымда қалуға тиіспін. Тек соғыс аяқталып, халық жаңа көшбасшыны қаласа ғана кетуге дайынмын», — деді Зеленский.
Еске салайық, оның президенттік өкілеттігі 2024 жылдың мамырында аяқталған болатын. Алайда елде төтенше жағдай жарияланғандықтан, Украинада жаңа президент сайлауын өткізу кейінге қалдырылған.
Зеленскийдің елдегі рөлі туралы пікір білдірген президент әкімшілігінің басшысы Андрей Ермак оны «тәуелсіз Украина тарихындағы ең үздік президент» деп атаған және екінші мерзімге сайлауға түсуі керек екенін жеткізген.