Қазақстанда көлік арзандап жатыр: себеп не және қай модельдерге жеңілдік бар?

24 маусым, 2025 / Ақбер Қуаныш
Фото: компания Chevrolet

Қазақстанда жаңа Chevrolet көліктері айтарлықтай арзандады. Брендтің ресми дистрибьюторы бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі KursivMedia-ға сілтеме жасап.

Кемінде үш модельдің құны төмендеген. Мысалы:

Cobalt (Optimum жиынтығы): 8,19 млн → 7,29 млн теңге

Onix: 1 млн теңгеге арзандап, 6,99 млн теңге

Tracker кроссовері: бастапқы бағасы 9,99 млн теңгеден басталады

Компания өкілдерінің айтуынша, бұл шешім нарықтағы жағдай мен тұтынушы сұранысына байланысты қабылданған.

«Көліктерді бұрынғыдан да қолжетімді ету үшін баға қайта қаралды. Біздің мақсат – клиенттердің сенімін сақтап, сұранысты қанағаттандыру», – делінген ресми мәлімдемеде.

Қазіргі автонарықтағы ахуал

Қазақстанда әрбір екінші көлік несиеге алынады.

Орташа автонесие сомасы – 6,4 млн теңге.

Ең көп таңдалатын баға диапазоны: 3–10 млн теңге.

2024 жылдың мамырында елімізде 19 377 көлік сатылған.

Тэгтер:

Chevrolet Несие Бренд