Талғарда той кезінде оқ атылды – жараланғандар бар
Алматы облысы, Талғар ауданында кезекті той қайғылы оқиғамен аяқталды. Alash.KZ мәліметінше, белгісіз бір топ адам той үстінде бұзақылық жасап, оқ атқан. Салдарынан төрт адам жараланып, ауруханаға жеткізілді.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бір күдікті қамауға алынып, қалған төртеуі емделіп жатқан мекемелерде күзетпен бақылауға алынған. Қазіргі таңда оқиғаға қатысты тергеу басталды.