Таиланд пен Камбоджа елдері қақтығысып жатыр: сарбаз қаза тапты

25 маусым, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Сурет: pexels / Тайланд елінің туы

Таиланд пен Камбоджа шекарасында Преах Вихеар храмына қатысты ұзақ жылдарға созылған аумақтық даудың салдарынан тағы да қақтығыс орын алды, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Taulik.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 2025 жылғы маусым айында орын алған. Екі елдің шекарашылары арасында оқ атыс тіркеліп, Камбоджа тарапынан бір әскери қызметкер мерт болды. Осыдан кейін Таиланд бірнеше шекара бекетін уақытша жауып, қозғалысқа шектеу қойды.

Аумақтық дау көне индуистік Преах Вихеар храмы маңында туындап отыр. 1962 жылы Халықаралық сот храмды Камбоджа аумағына жатқызған. Алайда Таиланд бұл шешіммен келіспей келеді. 2008 жылы аталған нысан ЮНЕСКО тізіміне енгеннен кейін, тараптар арасында бірнеше мәрте қақтығыс болған.

Камбоджа жағдайды дипломатиялық жолмен шешуге дайын екенін білдірсе, екі елдің қорғаныс министрліктері шиеленісті ушықтырмауға күш салуда. БҰҰ мен АСЕАН өкілдері де тараптарды сабырға шақырып, мәселені бейбіт жолмен шешуге үндеп отыр. Қақтығыс аймағындағы бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық бар.

Тэгтер:

Таиланд Камбоджа қақтығыс шекара