Бас прокуратурада Ашық есік күні өтті: халық заң қызметінің ішкі жұмысымен танысты

25 маусым, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Сурет: ОКҚ / Қазақстанның Бас прокуратурасының ғимараты

Қазақстанның Бас прокуратурасы «Заң және Тәртіп» апталығы аясында Ашық есік күнін ұйымдастырды. Бұл шара Мемлекет басшысының құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқасында айтқан тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында өтті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Кездесуге қоғам белсенділері мен прокуратура қызметіне қызығушылық танытқан тұрғындар қатысты. Қонақтар ведомствоның негізгі бағыттарымен – азаматтардың құқықтарын қорғау, заң үстемдігін сақтау және қылмысқа қарсы іс-қимыл жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, бөлім басшылары азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, прокуратура қызметі туралы кеңінен түсіндірме берді.

Айта кетейік, мұндай іс-шаралар бір мезгілде барлық облыстық прокуратураларда өткізіліп, алдағы уақытта тұрақты түрде ұйымдастырылады.

Тэгтер:

Заң және Тәртіп Бас прокуратура Ашық есік күні