Тоқаев Словения президентін ұлттық мерекемен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Словения Президенті Наташа Пирц-Мусарды елінің ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Құттықтау жеделхатында Президент Астана мен Любляна арасындағы ынтымақтастықтың түрлі салада қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Ол Наташа Пирц-Мусардың көктемде Қазақстанға жасаған ресми сапарының маңыздылығына тоқталып, екі ел арасындағы уағдаластықтар өзара байланысты жаңа деңгейге шығаратынына сенім білдірді.