Президент Тоқаев Әлия Молдағұлованың рухына тағзым етті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кеңес Одағының Батыры, халқымыздың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай мемориалдық кешеніне барып, гүл шоғын қойып, бір минут үнсіздікпен рухына тағзым етті, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Президент ескерткіш жанында жиналған халықпен жүздесіп, Әлияның ерлігі ел жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.
– Бұл менің азаматтық борышым. Әлия – халқымыздың батыр қызы. Оның есімі елімізде де, шет мемлекеттерде де кеңінен дәріптелуі тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы қазіргі күрделі кезеңде ел бірлігі мен татулықты сақтау – басты міндет екенін де еске салды.