Қазақстанда 26 маусым күні ауа райы күрт құбылуы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлімдеді, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Синоптиктердің болжамынша, бейсенбі күні еліміздің бірқатар өңірінде қатты ыстық пен жауын-шашын қатар жүреді. Кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл соғып, найзағай ойнайды.
Қатты ыстық болатын аймақтар:
Алматы, Жетісу облыстары: +35...+39°С
Жамбыл облысы: +38°С
Түркістан облысы (шөлейтті аймақтар): +41°С
Алматы облысының солтүстік, батыс және орталығы, Жетісу облысының оңтүстік пен шығысы: +42°С-қа дейін
Тұрақсыз ауа райы мен дауыл күтілетін өңірлер:
Циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің батысында, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында жауын-шашын күтіледі. Кей аймақтарда қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Жел күшейіп, түнде және таңертең солтүстік пен солтүстік-батыста тұман түсуі мүмкін.
Дауылды ескерту мен өрт қаупі:
Жоғары өрт қаупі – Абай, Павлодар, Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аумақтарында.
Төтенше өрт қаупі – Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Ұлытау, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында.
Мамандар тұрғындарды сақ болуға, қажет жағдайда сапарлардан бас тартуға және ауа райының өзгерісін бақылап отыруға шақырады.