Тойда ақша шашқан отбасы есірткі саудасымен айналысқаны анықталды

26 маусым, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Әнші Шәбнәм Товузлудың тойда «долларға көмілген» сәті / Сурет: бейнежазбадан кескін

Әзербайжан елінің әлеуметтік желілерінде біраздан бері қызу талқыланған видео — әнші Шәбнәм Товузлудың Грузияның Қырдабани ауданындағы Соганлы ауылында өткен тойда «долларға көмілген» сәті жұрт назарын аудартқан еді.

Жергілікті БАҚ-та жарияланған ақпараттарға сүйенсек, сол тойда әншіге ақшаны аямай шашқан Отелия есімді әйел мен оның «Лука» деген лақап атпен танылған ұлы есірткі сатумен айналысқан, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Yenilik.az сайтына сілтеме жасап.

Грузияның Ішкі істер министрлігі жүргізген арнайы операция барысында бұл отбасы мүшелері қолға түсті.

Бейнематериалдардан операция өткен мекен мен той болған ауланың бір жер екені анық көрінеді. Сол жиынға тағы бір әнші – Нәфис те қатысқан. Оларға тек доллар емес, алтын бұйымдар да сыйланғаны кадрларда байқалады.

Бұл оқиғаға қатысты әзербайжан диаспорасы да өз пікірін білдіріп, ақпараттың рас екенін растады. Оқиғаның бейнежазбасы да жарияланған.

Тэгтер:

той Шәбнәм Товузлу доллор Отелия Лука Соганлы ауылы есірткі сату Грузия