Финал өте жақын! «Кальмар ойыны» үшінші маусымын көруге дайынсыз ба
Әлемдік аудиторияны елең еткізген «Кальмар ойыны» (Squid Game) сериалының үшінші, әрі соңғы маусымы 27 маусым күні Netflix платформасында толықтай көрерменге ұсынылады, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Netflix платформасына сілтеме жасап.
Финалдық маусым алты эпизодтан тұрады және барлығы бір күнде жарық көреді.
Оқиға желісі басты кейіпкер Сон Ки Хунның өмір үшін күрес алаңына қайта оралуынан басталады. Бұл жолы ол ойынға ерікті емес, тұтқын ретінде қатысады. Алда оны жұмбақ ұйымдастырушыға қарсы бетпе-бет келу, әрі адамгершілікті таптайтын ойындарға нүкте қою міндеті күтіп тұр.
Сериал орыс тіліндегі дыбыстаумен де ұсынылады. Netflix мәліметінше, бұл маусым жобаның үлкен финалы ретінде жоспарланған.
«Кальмар ойыны» 3-маусым эпизодтары:
📅 1-серия — 27 маусым
📅 2-серия — 27 маусым
📅 3-серия — 27 маусым
📅 4-серия — 27 маусым
📅 5-серия — 27 маусым
📅 6-серия — 27 маусым
Еске салайық, сериалдың алғашқы маусымы 2021 жылы жарық көріп, бірден Netflix-тің ең көп қаралған жобасына айналған болатын.