Астанада жаңа LRT вагондарына вандалдар шабуыл жасап, граффити салып кеткен

26 маусым, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Жаңа LRT вагондарына граффити салынғанға дейін және кейін

Астанадағы Назарбаев әуежайы станциясында тұрған жаңа LRT вагондары белгісіз біреулердің қолымен бүлінген. Вагондардың сырты түрлі граффитиге толып, адам шошырлық күйге түскен, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі.

Оқиғаға қатысты City Transportation System компаниясы вандализм фактісін растады. Олардың мәліметінше, граффити салу фактісі бойынша құқық қорғау органдарына хабар беріліп, қылмыстық іс қозғалған.

«Вагондардың сыртына рұқсатсыз граффити салынғаны тіркелді. Қазір бұл іспен құқық қорғау органдары айналысып жатыр», – деді компания өкілдері.

Компания өкілдері вагондардың сырты арнайы қорғаныс қабатымен қапталғанын да атап өтті. Бұл жабын бояудың негізгі қабатқа сіңіп кетуіне тосқауыл болады. Қазір LRT вагондарының бетінен бояуларды кетіру жұмыстары жүріп жатыр.

Тэгтер:

Астана LRT вагондары граффити вандалдар City Transportation System