Президент Мозамбик халқын Тәуелсіздіктің 50 жылдығымен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Мозамбик Республикасының Президенті Даниэл Шапу мен ел халқын мемлекет тәуелсіздігінің 50 жылдығымен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
– Бұл тарихи дата – ел бірлігі мен жасампаздықтың жарқын көрінісі, сондай-ақ мемлекеттілік пен тұрақты дамудың берік негізі. Мозамбик халқы тәуелсіздіктің қадірін ардақтап, алдағы уақытта да өркендеу жолымен жүре береді деп сенемін, – делінген құттықтауда.
Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық байланыс пен өзара ынтымақтастық алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.