Президент Мозамбик халқын Тәуелсіздіктің 50 жылдығымен құттықтады

26 маусым, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Даниэл Шапу. Дереккөзі Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Мозамбик Республикасының Президенті Даниэл Шапу мен ел халқын мемлекет тәуелсіздігінің 50 жылдығымен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

– Бұл тарихи дата – ел бірлігі мен жасампаздықтың жарқын көрінісі, сондай-ақ мемлекеттілік пен тұрақты дамудың берік негізі. Мозамбик халқы тәуелсіздіктің қадірін ардақтап, алдағы уақытта да өркендеу жолымен жүре береді деп сенемін, – делінген құттықтауда.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық байланыс пен өзара ынтымақтастық алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев Даниэл Шапу Тәуелсіздіктің 50 жылдығы Мозамбик халқы