Астанада алғаш рет халықаралық деңгейдегі Astana 2025 World Boccia Challenger турнирі өтпек. 20–28 тамыз күндері өтетін бұл жарысқа Халықаралық бочча федерациясы (BISFed) қолдау білдіріп отыр. Турнирді ұйымдастырушы тараптың мәліметінше, бүгінде 14 ел өз спортшыларын қатыстырмақ екенін ресми растаған, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатына сілтеме жасап.
Қазақстан Бочча Федерациясының вице-президенті Назым Жангазинованың айтуынша, бұл дода еліміздің паралимпиадалық қозғалысқа толыққанды қосылып жатқанын көрсететін маңызды қадам.
Турнир қазақстандық спортшылар үшін 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына іріктеу ұпайларын жинауға үлкен мүмкіндік береді.
— Жарысқа Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдерінен спортшылар қатысады. Қатысушы елдер саны алдағы бір айда тағы артуы мүмкін. Бәсекелер жекелей, жұптық және командалық форматта өтеді, — деді Назым Жангазинова.
Бұл турнир Қазақстан спорты үшін тарихи оқиға саналып отыр.