Бүркіт пен Аиша қыздарының қырқынан шығару рәсімін өткізді
Әнші Бүркіт пен жұбайы Аиша кішкентай қыздары Латифаның қырқынан шығару рәсімін өткізді. Бұл жөнінде олар өздерінің әлеуметтік желідегі парақшаларында бөлісті, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Рәсім қазақтың ежелгі дәстүріне сай өтті: сәбиді 40 қасық сумен шомылдырып, ақ тілектер арнады. Отбасылық шараға жақын туыстары мен достары жиналып, нәрестеге саулық пен жарқын болашақ тіледі.
Бүркіт Instagram желісінде:
«Кішкентай ханшайымымыз! Ең бастысы – саулығың мықты болсын. Алла сені бақытты жандардың қатарына қоссын. Тіл-көзден сақтасын. Сен – біздің жүрегіміздің гүлісің!» – деп жазды.
Желі қолданушылары да отбасына жылы лебіздерін жаудырды:
«Қызыңыз аман-есен өссін! Ақ жолы ашық болсын», – деп тілектес пікірлер жазылды