P. Diddy ісінде кейбір айыптар алынып тасталды, бірақ басты күдік күшінде қалады
Танымал рэпер және продюсер P. Diddy (шын аты — Шон Комбс) үстінен қозғалған қылмыстық істегі бірқатар айыптар тергеу процесінен алынып тасталды, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Сот процесінде енді адам саудасына итермелеу және оған көмектесу сияқты баптар қарастырылмайды. Алайда Комбске қатысты зорлау, жыныстық мақсаттағы адам саудасы, есірткімен байланысты құқық бұзушылықтар және басқа да ауыр айыптар күшінде қалып отыр.
Прокурор судья Арун Субраманианға жолдаған хатында:
«Сот процесін жеңілдету мақсатында кейбір айыптар алынып тасталды», – деп мәлімдеген.
West Coast Trial Lawyers заң компаниясының сарапшылары бұл айыптардың ресми түрде алынбағанын, тек іс материалдарын жеңілдету үшін сот процесінен шығарылғанын атап өтті.
Олардың айтуынша:
«Бұл өзгеріс Комбстің жауапкершілігін жоққа шығармайды. Кэсси Вентура мен Каприкорн Кларкты ұрлау, сондай-ақ Kid Cudi көлігінің өртенуі RICO заңы аясында қарала береді».
Айта кетейік, P. Diddy-ге қарсы тергеу 2023 жылдың қыркүйегінде басталған. Қазір Нью-Йоркте өтіп жатқан сот отырыстарында Кэсси Вентура, Kid Cudi және продюсердің бұрынғы көмекшісі куәлік беріп үлгерді.
Егер P. Diddy барлық айыптар бойынша кінәлі деп танылса, өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.