Ақтөбе облысында автобус пен жүк көлігі соқтығысты
Ақтөбе облысындағы Әйтеке би ауданына қарасты Көрпе ауылы маңында жол апаты болып, соның салдарынан автобус жүргізушісі көз жұмды. Оқиға Самара–Шымкент бағытындағы тасжолдың аудан аумағынан өтетін бөлігінде тіркелген,- деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі.
MADENIPORTAL.KZ хабарлауынша, жолаушылар отырған автобус пен жүк көлігі соқтығысқан. Полиция департаментінің дерегінше, автобус жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан. Оқиға сәтінде автобуста алты жолаушы болған.
Алдын ала мәліметке сәйкес, автобус жүргізушісі қарсы бағыттан келе жатқан жүк көлігімен арақашықтықты дұрыс сақтамай, оның тіркемесінің жанына соғылған. Соның салдарынан автобус жолдан шығып кетіп, жүргізуші оқиға орнында қайтыс болған. Ал жолаушылар зардап шекпеген.