Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуімен бірге немересіне арнап той жасады (Видео)

27 маусым, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Айгүл Иманбаева мен Сәбит Әбдіхалықов. Сурет бейнежазбадан кескін

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева бұрынғы жұбайы Сәбит Әбдіхалықовпен бірге ұлы, келіні және немересіне арнап ортақ қуаныш тойын өткізді, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Тойда әншінің анасы, бұрынғы енесі және қазіргі енесі бір сахнаға шығып, тілек арнады. Бұл сәт желі қолданушылары арасында қызу пікір туғызды. Айгүл Иманбаева Instagram парақшасына тойдан үзінді видеолар жүктеп, көрермендерге ерекше кештің куәсі болуға шақырды.

Той төрінде жас отбасы мүшелерінің – ұлы, келіні және немересінің есімі ілініп, салтанатты шараға туыстары мен өнердегі әріптестері шақырылған. Актрисаның қазіргі жұбайы тойға келе алмағанымен, видеоқоңырау арқылы құттықтауын жолдаған.

Желі қолданушылары бұл оқиғаға түрліше пікір білдіріп, біреулері қуанышқа ортақтасып, енді бірі мерекенің нақты себебін сұрап жатыр.

Тэгтер:

видео той Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықов