Айгүл Иманбаеваның ұлы мен келіні тойда елдің көзайымына айналды

27 маусым, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Айгүл Иманбаеваның ұлы Аслыжан мен келіні Жансая. Коллаж Anyqtime.kz

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаеваның келіні туралы жаңа дерек жарияланды. Журналист Анна Данченконың айтуынша, ұлы Аслыжанның жан жары Жансая өзінен екі жас үлкен, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Тележүргізуші жас отбасының үйлену тойы белгілі себептермен өтпей қалғанын, алайда жақында олардың құрметіне арнайы дастархан жайылғанын жазды. Аслыжан жеке өмірін ел назарына шығармайтындықтан, көпшілік оның үйленіп, отбасылы болғанынан бейхабар. Ерлі-зайыптылардың Айсұлу есімді қыздары бар. Қазір келіні екінші баласына жүкті.

Айгүл Иманбаева жақында ұлы мен келініне арнайы той жасап, артынан немересінің тұсаукесерін өткізген.

Тэгтер:

Айгүл Иманбаеваның келіні Аслыжан Жансая