Әзербайжанда жер сілкінісі тіркелді, бірақ дүмпулер сезілмеген
Әзербайжандағы Қах ауданында жер сілкінісі болды. Жер сілкіністерін зерттеу бюросы хабарлады, деп жазады Anyqtime.kz.
Зақатала станциясынан оңтүстік-шығысқа қарай 27 шақырым қашықтықта болған жер асты дүмпулерінің магнитудасы 3,3-ті, ал тереңдігі 19 шақырымды құрады.
Мамандардың мәліметінше, бұл зілзала тұрғындар үшін сезілмеген.