Полицейлер екі әйелді тірідей жерлеу "ырымын" тоқтатты (видео)
Дереккөз: Telegram-арнасы "РЕН ТВ|Новости"

Полицейлер екі әйелді тірідей жерлеу "ырымын" тоқтатты (видео)

Ресейдің Ленинград облысына қарасты Приозер ауданында тәртіп сақшылары ел естімеген "жерлеу" ырымын тоқтатты. Жергілікті ТАСС агенттігінің мәліметінше, оқиғаға 15-ке жуық адам қатысқан, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Құқық қорғау органдары жүргізген тексеру кезінде олар жер астынан маталарға оралған екі әйелді тірідей көміліп жатқан жерінен тауып алған. Полицейлер рәсімді ұйымдастырушылардан әйелдерді дереу жерден шығаруды талап етіп, олардың жағдайын тексерген. Абырой болғанда, көміліп жатқандардың денсаулығына ешқандай зиян келмегені анықталды.

Анықталғандай, рәсімге қатысушылар әрқайсысы "шаманға" 6 мыңнан 9 мың рубльге дейін ақша төлеген. Олардың от жағылып тұрған алаңда жиналған сәті мен бубен ұрып жүрген адам бейнеленген видео ТАСС агенттігі жариялаған материалдан көрініс тапты.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары бұл "жерлеу рәсімін" ұйымдастырды деген күдікпен бір ер адам мен бір әйелді ұстады. Тергеу нәтижесінде азаматтардың өмірі мен құқықтарына қауіп төндіретін ұйым құру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралып жатыр.