Тоқаев Минскіде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь астанасы Минск қаласында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Тәуелсіздік сарайында өткен жиында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары шағын құрамда бас қосып, интеграцияны тереңдету жолдарын және одақ аясындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.
Кеңес жұмысына Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров және Ресей Президенті Владимир Путин тікелей қатысса, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян бейнебайланыс арқылы қосылды.