Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген отырысына қатысты

27 маусым, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Сурет: Ақорда

Минскте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақ пен негізгі серіктес елдер арасындағы сауда және экономикалық байланысты тереңдетуге бағытталған мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Кездесуде өнеркәсіп, көлік-логистика, аграрлық сектор, цифрландыру мен жасанды интеллект салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылды.

Жиын барысында Иран Президенті Масуд Пезешкиан бейнеүндеу арқылы, ал Куба Президенті Мигель Диас-Канель, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед Әл Нахаян мен Моңғолия Премьер-министрінің бірінші орынбасары Учрал Ням-Осорын тікелей қатысып, сөз сөйледі.

Кеңес соңында Моңғолиямен сауда келісіміне және Біріккен Араб Әмірліктерімен экономикалық серіктестік жөніндегі құжатқа қол қойылды. Айта кетейік, 2026 жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске Қазақстан төрағалық етеді.

Тэгтер:

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес кеңейтілген отырысы