Ақмолалық ауылда қайтарылған актив есебінен спорт мектебі ашылды
Зеренді ауылы, спорт мектебі. Сурет дереккөзі ОКҚ

Ақмолалық ауылда қайтарылған актив есебінен спорт мектебі ашылды

Ақмола облысының Зеренді ауылында заңсыз шығарылған активтерді қайтару аясында салынған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылды, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа мектеп – мемлекетке қайтарылған қаражаттың ел игілігіне жұмыс істеп жатқанын дәлелдейтін нақты мысалдардың бірі. Бұл нысан аудан балаларының дене шынықтырумен айналысуына, спорт арқылы салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасайды. Жоба «Адал азамат» тұжырымдамасының негізінде жүзеге асқан.

Прокуратура органдары қайтарған қаржы тек Зеренді ауылымен шектелмейді. Бүгінде еліміз бойынша дәл осы қайтарылған қаражат есебінен 333 әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр.

Соның ішінде Ақмола облысына тиесілі 37 нысан бар, оның 26-сы – сумен жабдықтау жүйесіне қатысты, ал 10-ы – медицина мекемелері. Бұл мемлекет мүддесіне қайтарылған қаражаттың әлеуметтік маңызы бар жобаларға тиімді бағытталып жатқанын көрсетеді.