«Қайын ағаңның көзінше болмайды»: Сәкен Майғазиевтің келініне сындар айтылды
Сәкен Майғазиевтің келіні әлеуметтік желіде тағы да талқыға түсті, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Todayinfo порталына сілтеме жасап.
Желіде тараған бейнежазбада әнші Сәкен Майғазиевтің отбасы мүшелері дастархан басына жиналып жатқан сәт көрініс тапқан. Видеода Майғазиевтің ұлы Әділет пен келіні Әдия да бар. Жас келін күйеуін көпшіліктің көзінше құшақтап, еркелеп тұрған.
Осы көрініс әлеуметтік желі қолданушыларының арасында түрлі пікір туғызды. Бірі келіннің әрекетін ерсі десе, енді бірі жастарды сөкпеуге шақырды.
«Қайын ағаңның көзінше құшақтап тұру – әбестік»,
«Достарымен жүргенде жарасымды шығар, бірақ үйде үлкендердің көзінше ыңғайсыздау»,
«Сәкеннің ағасы тұр ғой, сол кісіден ұялмады ма екен?»,
«Бақытты болсын, бәрін енді-енді үйреніп келе жатқан шығар»,
«Енесі не атасы ескерсе, жұрт «ата-енесі жаман» деп шыға келеді»,
«Маңғыстау — киелі жер, әдеп пен ибаны сақтаған жөн» — деп жазды желі қолданушылары.
Кейбір комментаторлар келіннің еркелігін жастарға тән табиғи әрекет ретінде қабылдаса, өзгелері инабаттылық пен қазақы тәрбиенің сақталуы қажет екенін алға тартып отыр.