Израиль әскери-әуе күштері Ливанның оңтүстігінде орналасқан «Хезболла» тобына тиесілі жерасты нысанын әуеден атқылады, деп хабарлайды Anyqtime.kz Израиль қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресми ақпаратқа сәйкес, бұл жерасты кешені топтың атыс және қорғаныс операцияларын үйлестіруге арналған. Бұған дейін дәл осы нысан толықтай істен шығарылғанымен, кейіннен «Хезболла» тарапынан инфрақұрылымды қайта қалпына келтіру әрекеттері байқалған.
Израиль тарапы мұны ескеріп, аймақтағы «Хезболла» қызметімен байланысты мақсаттарды қайтадан әуеден соққыға алған.
«Аталған нысанның болуы және оны қалпына келтіруге жасалған әрекеттер – Израиль мен Ливан арасындағы келісімдерді өрескел бұзу», – делінген ЦАХАЛ мәлімдемесінде.