Жалғас Жұмағұлов: OKTAGON чемпионы болып, қазақтың атын тарихқа жазғым келеді
Қазақстандық ММА спортшысы Жалғас Жұмағұлов OKTAGON лигасындағы титулдық жекпе-жек алдында Sport+ басылымына сұхбат беріп, дайындық барысы және мақсаты туралы ой бөлісті, деп хабарлайжы Anyqtime.kz.
— Жаттығу лагері сәтті өтті, өзімді 100% дайын сезінемін. Көңіл күй көтеріңкі, барынша жақсы нәтиже көрсетуге тырысамын. Әрине, бес раундтың бәрін өткізгім келмейді — ертерек аяқтаған дұрыс. Бірақ бәрі Алланың қолында, — деді спортшы.
Оның айтуынша, қарсыласы Бено Адамиа — жақсы соққысы бар грузиндік файтер, әрі күрестен де қорғана біледі. Сондықтан Жұмағұлов жекпе-жек кезінде стратегияны жағдайға қарай үйлестіруге ниетті.
— Менің басты мақсатым — қазақ спортшылары арасында алғаш болып OKTAGON чемпионы атану. Осы арқылы елімнің атын тарихқа жазғым келеді, — деді ол.
Айта кетейік, OKTAGON 73 турнирі 28 маусымда Германияның Гамбург қаласында өтеді. Жекпе-жекті тікелей эфирде көру мүмкіндігі бар.