Министрлік ең төменгі жалақыны көтеру мүмкіндігін қарастырып жатыр

27 маусым, 2025 / Ақбер Қуаныш
Фото: zakon.kz

Мәжіліс отырысынан кейін журналистерге жауап берген Ұлттық экономика министрі Мәди Такиев елдегі ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру мүмкіндігі қарастырылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ең төменгі жалақы шегін қайта қарау бойынша есептеулер жүргізіп жатыр. Бұл жұмысқа Ұлттық экономика министрлігі де тартылған.

– Ең төменгі жалақы мөлшерін көтеруге әлеуетіміз жеткілікті. Қазіргі есептеулерге сәйкес, жалақының жаңа деңгейі 90 мың теңгеден сәл асуы мүмкін, – деді Мәди Такиев.

Еске сала кетейік, бүгінде Қазақстанда ең төменгі жалақы 85 000 теңге көлемінде белгіленген.

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова да келер жылы ең төменгі жалақыны өсіру жоспарланып отырғанын айтқан болатын.

Тэгтер:

Ұлттық экономика министрі Төменгі жалақы мөлшері 90 мың тг