Белгілі әзілкеш Тұрсынбектің жұбайы Мөлдір Мұқанова күйеуі жайлы тараған әңгімелердің рас екенін мойындады, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Skifnews.kz порталына сілтеме жасап
Айгүл Иманбаеваның тойында журналист Анна Данченко Мөлдірден отбасылық жағдайға қатысты сұхбат алған. Онда Мөлдір өзі мен жұбайы туралы соңғы кездері тарап кеткен қауесетті жасырмады.
— Қазір халықтан жасыратын дүние қалмады. Шыны керек, отбасымызда болып жатқан жайтты жігітімнің абыройы үшін жасырып келдік. Бірақ бәрібір ел арасына тарап кетті, – деді ол.
Сұхбат барысында Мөлдірдің жанында тұрған әнші Нұрлан Еспанов оған қолдау білдіріп, көпшіліктен түсіністік сұрады.
— Мөлдірге ауыр сөздер айтпаңыздаршы. Қыз бала болған соң, күйініп қалуы мүмкін. Жаңа бастап келе жатқан өнер иесі. Онсыз да аяқтан шалып, шалып жатырмыз, – деді ол.
Журналист Анна Данченко да өзінің Instagram парақшасында бұл сәт туралы пікір білдіріп:
«Мөлдір сұхбатта көзі мөлдіреп тұр» – деп жазды.