Астанада өртеніп жатқан кафенің шатырынан екі адам құтқарылды
Фото: Tripadavisor

Астанада өртеніп жатқан кафенің шатырынан екі адам құтқарылды

Астанада ТЖМ қызметкерлері арнайы сатының көмегімен кафенің екі жұмысшысын өрттен құтқарып қалды, деп хабарлайды Anyqtime.kz

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт Алматы ауданы Тәуелсіздік даңғылы мен Ақыртас көшесінің қиылысында орналасқан екі қабатты кафенің бильярд залында болған.

«Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру бөлімшелері жалынды сөндіріп, үш буынды саты арқылы шатырда от пен түтіннен құтқарылуға тырысқан кафенің екі қызметкерін төмен түсірді. Келушілер өрт сөндірушілер келгенге дейін өз бетімен сыртқа шығып үлгерген», – делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бұған дейін 2025 жылғы 28 маусымға қараған түні Өскеменнің орталық базарында өрт болғаны хабарланған еді.