27 маусым күні Павлодардың орталық жағалауында полицейлер қызметтік ит Блондидің туған күнін атап өтті, деп хабарлайды Anyqtime.kz
Блонди кинология бөлімінде қызмет етеді және жұмыс барысында бірнеше нақты операцияларда өзін жақсы қырынан көрсете білді, деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы. Төртаяқты серік заң бұзған азаматтарды, соның ішінде есірткі айналымына қатысы барларды ұстауға көмектеседі.
Сонымен қатар, бұл ит түрлі кинологиялық жарыстарда бірнеше рет жүлдегер атанған. Мерекелік шарада оған сүйек пішініндегі «торт» табыс етілді.
«Блонди есірткі заттарын іздеуге маманданған. Биылғы жылы оның көмегімен 57 келі синтетикалық есірткі тәркіленіп, тыйым салынған заттарды сақтау және тарату бойынша 40 қылмыс ашылды», – деді Павлодар облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы бөлімінің бастығы Ирина Темірғалиева.
Ал Қостанайда жаңа тергеу изоляторының (СИЗО) құрылысын жүргізу үшін 15 миллиард теңге қажет.