Қандай тағамдар қартаю процесін баяулатуға көмектеседі
Фото: ru.freepik.com

Қандай тағамдар қартаю процесін баяулатуға көмектеседі

Гастроэнтеролог Антон Загайнов қартаю процесін баяулатуға көмектесетін өнімдерді атады, деп хабарлайды Anyqtime.kz

aif.ru басылымына берген сұхбатында ол жастың ұлғаюына байланысты өзгерістерді бәсеңдететін тағамдардың қатарына жидектерді – көкжидек, таңқурай, құлпынайды – жатқызатынын айтты.

«Бұл жидектер құрамында антоциан және жасушаларды бос радикалдардың зақымынан қорғайтын, тері мен мидың жастығын сақтауға ықпал ететін күшті антиоксиданттар бар», – деп түсіндірді Загайнов.

Оның айтуынша, жасыл шай ішу, жаңғақтар (бадам, грек және бразилия жаңғағы), авокадо, майлы балықтар (лосось, сардина), жапырақты көкөністер (шпинат, кейл қырыққабаты), суықтай сығылған зәйтүн майы, зығыр, чиа және күнбағыс дәндері де өте пайдалы.

Маман мұндай тағамдармен тамақтану тек қартаю процесін баяулатып қана қоймай, созылмалы аурулардың пайда болу қаупін азайтып, кез келген жаста сапалы әрі белсенді өмір сүруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бұған дейін америкалық актриса май кетіретін инъекция салдарынан ауруханаға түскені хабарланған болатын.