28 маусым – Қазақстанда Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Бүгінде елімізде 4 800-ден астам бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Оның ішінде шамамен 2 900-і – мерзімді баспасөз басылымдары, 235 – телерадиоарна, 96 – радио, ал 1 200-ден астамы – ақпараттық агенттіктер мен интернет басылымдар.
Журналистер, операторлар, фототілшілер мен редакторлардың қажырлы еңбегі арқылы қоғам маңызды оқиғалар, жаңалықтар мен өзгерістер туралы жедел әрі сенімді ақпарат алып отырады. Кәсібилік пен жауапкершілік, ел мүддесіне адалдық – ақпараттық мәдениетті қалыптастырып, азаматтық келісімді нығайтуға үлес қосып келеді.
Anyqtime.kz ұжымы барша БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтайды!
Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас шабыт пен шығармашылық табыс тілейміз. Сауатты сұрақтарыңыз, шынайы ізденістеріңіз үшін алғысымыз шексіз!