Қонақүй қонақтарының ең орынсыз әдеттері аталды

28 маусым, 2025 / Ақбота Сабырхан
Фото: kazakhstanhotel.kz

Әлемдік қонақүйлердің иелері қонақтардың ең орынсыз әдеттерін атады, деп хабарлайды Anyqtime.kz

CNBC мәліметінше, сауалнамаға қатысқандардың 94%-ы қонақүйдің фойесінде жалаңаяқ жүруді ең қолайсыз әдет деп атаған.
Екінші орында – қонақтардың қонақүй нөмірінен тыс жерде халат немесе пижамамен жүруі. Бұл әрекетті 92% респондент орынсыз деп тапқан.

Үшінші орында – қонақүй бассейнінде серіктесіне романтикалық сезім білдіру. Мұндай әрекетті 86% сауалнамаға қатысқан адам еске алған.

The Blue Door Kitchen & Inn қонақүйінің тең құрылтайшысы Рим Арбидтің айтуынша, кей жағдайларда қонақтардың орынсыз әрекеттеріне тыйым салу мен ескерту жасаудың орнына, жеке үлгі көрсету арқылы жұмыс істеген тиімдірек.

«Меніңше, егер сіз және қызметкерлеріңіз сыпайы әрі құрметпен әрекет етсе, қонақтар да сізге еліктейді», – деді ол.

Ол сондай-ақ қонақтардың ортақ кеңістікте дауыстап телефонмен сөйлесетінін де мәселе ретінде атап өтті. Арбидтің айтуынша, қызметкерлер мұндай жағдайларда сыпайы түрде басқа жерге ауысуын сұрай алады, алайда мұндай өтініштерге әрдайым жағымды реакция бола бермейді.

Сонымен бірге кейбір қонақүй иелері қонақтарға барынша еркіндік беруді құптайтынын жеткізді.

«Таңғы аста пижамамен келсе де, төсекке ит алып кірсе де, бассейнде ойнап жүрген балалар болса да – біз бұған түсіністікпен қараймыз», – деді The Maybourne Beverly Hills қонақүйінің басқарушы директоры Сэм Джаггер.

Ал қонақүй саласына оқыту жүргізетін MDA Hospitality Solutions компаниясының негізін қалаушы Мэри Д’Арженис-Фернандес бүгінде қонақтар үшін дресс-кодтың өзектілігі жоғалғанын айтты. Оның пікірінше, қазіргі басты мәселе – қызметкерлерге немесе басқа қонақтарға ашу-ыза білдіру.

Бұған дейін психологтар серіктеске деген күтпеген жиіркену сезімінен қалай арылуға болатынын түсіндірген еді.

Тэгтер:

Әлемдік қонақүй Сэм Джаггер.