Ыстықта салқын су өлімге әкелуі мүмкін
Фото: Питьевая вода

Ыстықта салқын су өлімге әкелуі мүмкін

Көптеген адамдар ыстық күнде салқын душ қабылдауды ұнатады. Алайда дәрігерлердің айтуынша, бұл – қауіпті қателік болуы мүмкін. Англиялық профессор Адам Тейлордың айтуынша, салқын душ гипертониясы және жүрек аурулары бар адамдар үшін әсіресе қауіпті, деп хабарлайды Anyqtime.kz

Маманның айтуынша, егер адам ағзасы ішкі жағынан ұзақ уақыт бойы қызу күйінде қалса, онда ішкі мүшелердің зақымдану қаупі де артады.

Ыстықта дене қызып, қызу шегіне жеткен кезде ағза суыну қажеттігі туралы сигнал жібереді, сол арқылы ішкі салқындату механизмдері іске қосылады. Бұл – жылуды сыртқы ортаға жылулық сәуле арқылы шығару немесе терлеу арқылы жүзеге асады. Температура жоғарылаған сайын ағзаның негізгі салқындату әдісі – тер бөлу бола бастайды.

Осы салқындату механизмдерін қолдау үшін қан тамырларының диаметрі өзгереді: теріге жақын орналасқан тамырлар кеңейіп, қанның көбірек мөлшерде өтуіне мүмкіндік береді. Алайда суық судың әсерінен бұл тамырлар күрт тарылып, теріге келетін қан азаяды.

Сондықтан, салқын душ қабылдау – ағзаны салқындатудың орнына, керісінше, денеде жылуды сақтап қалуға алып келеді. Себебі теріге қан аз келгенде, ішкі мүшелердің айналасындағы жылу сыртқа шықпайды. Нәтижесінде ағзаны алдап, салқындаудың орнына, жылуды ұстап тұру процесі жүреді.

Сондай-ақ, "АиФ" басылымының мәліметінше, суық су суықтық шогын тудыруы мүмкін. Бұл жағдайда қан тамырлары күрт тарылып, артериялық қысым көтеріледі, жүрек күштірек жиырылады, өйткені ол күшейген кедергіге қарсы жұмыс істеуі керек. Суықтық шокқа ағзаның реакциясы жүрек ырғағының бұзылуына, тіпті, өте жоғары температурадан кейін суыққа бірден түскен кезде – өлімге әкелуі де мүмкін. Әрине, мұндай экстремалды жағдайлар сирек кездеседі, бірақ қауіп бар екенін есте сақтау керек.

Салқын судан бас тартуға тағы бір себеп бар: ыстықта қатты терлеген кезде тері ластанады. Суық су бұл ластықты жақсы жуа алмайды. Сонымен қатар, ол тері тесіктерін тарылтады, бұл май мен кірдің теріге тұрып қалуына әкеліп, қара немесе ақ нүктелердің және безеулердің пайда болуына себеп болуы мүмкін.

«Ыстық күнде ыстық душ қабылдауға да болмайды. Ең дұрысы – жылы душты таңдау», – делінген мақала соңында.

Бұл материал дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын, міндетті түрде маманмен кеңесіңіз.