Мүгедектігі бар қазақстандықты тұрғын үй кезегінен алып тастады
Фото: Подари шанс

Мүгедектігі бар қазақстандықты тұрғын үй кезегінен алып тастады

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтары қорғалды. Бірінші топтағы мүгедекті тұрғын үй алу кезегінен заңсыз шығару – сорақы жағдайлардың бірі болды, деп хабарлайды Anyqtime.kz

Аймақтық қадағалау органы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері Түркістан облысы прокуратурасының араласуымен 15 434 мүмкіндігі шектеулі азаматтың құқығы қорғалған.

«Осы жұмыс аясында Ордабасы аудандық прокуратурасы бірінші топтағы мүгедекті тұрғын үй алу кезегінен заңсыз шығару фактісі бойынша тексеру жүргізді. Нәтижесінде, азаматты кезектен ешқандай заңды негізсіз шығарғаны анықталды», – делінген хабарламада.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша ұсыныс енгізіліп, оның нәтижесінде тұрғын үй бөлімі басшысы мен жауапты маманға қатаң тәртіптік жаза қолданылған.

Азаматтың тұрғын үй алу кезегі қалпына келтіріліп, пәтер берілді.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында мүгедектігі бар азаматтардан заңсыз салық алынғаны туралы хабарланған болатын.